1 қарашадан бастап ҚАЕУ-де “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022” байқауының бірінші кезеңі басталады
2022 жылдың 1 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университетінде “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022” байқауының бірінші кезеңі басталады.
Байқауға құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар ҚАЕУ-нің штаттық оқытушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Байқаудың I кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы https://universitycontest.iac.kz/bestlecturer/ “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағын беру қағидаларына сәйкес, жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.10.30 № 466 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген, мынадай құжаттарды тапсырады:
- “ЖОО-ның үздік оқытушысы” атағын беру байқауына қатысуға арналған нысан бойынша өтінім (1-қосымша);
- Сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (2-қосымша);
- Жылдық жұмыс жоспары-кестесі (қосымша-3);
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы 1-10 қараша (қоса алғанда) аралығында.
Байқауға ұсынылған құжаттар қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрамынан тұратын сараптамалық топ жүзеге асыратын сараптамадан өтеді.
Қорытындылар ҚАЕУ Комиссиясының қарауына беріледі. ҚАЕУ Комиссиясы сараптамалық топтың қорытындысы негізінде “ЖОО-ның үздік оқытушысы”атағын беруге байқаудың 2-ші республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлердің байқаулық құжаттамасын шығарады және жібереді.
ҚАЕУ Комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және ҚАЕУ-нің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Барлық сұрақтар бойынша Ғылыми-зерттеу
бөліміне хабарласыңыз,
ҚАЕУ, М. Горький көшесі, 76, 112-кабинет,
Наталья Алексеевна Мошенская,
ұялы тел.+77055402684