11 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәнінен «Түркі әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» атты VII Облыстық олимпиада
2024 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде 11-сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша «Түркі әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» атты VII Облыстық олимпиада өтті.
Олимпиаданы Қазақстан-Американдық еркін университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы ұйымдастырды.
Келесі жүлделер қарастырылды:
1 орын – ҚАЕУ президенті академик Е.Ә. Мәмбетқазиевтің гранты;
2 орын – ҚАЕУ-де оқу ақысына 50% жеңілдік;
3 орын – ҚАЕУ оқу ақысына 30% жеңілдік.
Облыстық олимпиада тест тапсырмаларын, логикалық тапсырмаларды шешу, тікелей сұраққа жауап беру, сөзжұмбақ шешу түрінде өтті. Барлық тапсырмалар Қазақстанның ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдениеті аясында құрастырылды.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысындағы мектептерден 11 сыныптың 67 оқушысы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:
1 орын – Есбол Ернар (ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі» КММ);
2 орын – Рысхан Шырын Шалхарқызы (Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ,);
3 орын – Мырзабек Ерзат (ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы