6М011900 «Шет тілдері: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның сипаттамасы: педагогикалық мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алуға қызығушылық танытатын және шет тілін (ағылшын тілін) оқытуға бағдарланған шетелдік студенттердің ҚАЕУ-дің педагогикалық мамандық бойынша бір жылдық магистратура бағдарламасын таңдау мүмкіндігі бар. Бағдарламаның барлық пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Бағдарламаның артықшылықтары:
· ҚАЕУ-дің педагогика және ағылшын тілін оқыту мамандығы бойынша бір жылдық магистратура бағдарламасына қабылдану. Барлық пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі;
· Таңдау бойынша екінші шет тілі пәніне міндетті түрде қабылдану (испан, қазақ, неміс, түрік, француз);
· Ағылшын тілін оқыту бойынша 6 апталық педагогикалық іс-тәжірибе.
Оқу жоспары: бағдарламаның 2 негізгі пәні:
· Шетелдік білім берудің заманауи әдіснамасы
· Таңдау бойынша шет тілі (испан, қазақ, неміс, түрік, француз);
Келесі тізімнен қосымша элективті пәндер:
· Ғылым тарихы мен философиясы
· Кәсіби-бағдарлы шет тілі
· Психология
· Жоғарғы білім беру мазмұны мен ұйымдастырылуы
· Оқу жоспары мен силлабусты жобалау
· Стилистика
· Білімді бағалау
· Мәдениаралық коммуникация
· Шет тіліді білім берудегі коммуникативті-когнитивті әдістер
· Ана тілі мен шет тілдерінің салыстырмалы типологиясы
· Корпустық лингвистика
Жоғарыда көрсетілген пәндерді меңгеруден басқа студенттер не Қазақстанда, не өздерінің отандарында магистрлік жобаны дайындау мен қорғау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізулері керек.
Бағасы: Тұру, ұшу мен визалық шығындарды есептемегенде, бір семестр үшін АҚШ-тың 1500 долларына баламалы.
Оқуға қабылдау үрдісі мен талаптары: педагогикалық мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алуға қызығушылық танытатын және шет тілін (ағылшын тілін) оқытуға бағдарланған шетелдік студенттердің өз отанындағы аккредитацияланған университеттің кез-келген мамандық бойынша бакалавр дәрежесі болуы керек. Студенттер ағылшын тілінің минималды деңгейі бойынша тест тапсырулары керек (ағылшын тілінде сөйлейтін елден келген үміткерлерге қатысты емес).
Жоспар –күнтізбе: Бағдарлама жыл сайын қыркүйектің басынан мамырдың аяғына дейін жүзеге асырылады. Мамырдың аяғына дейін пәндерді меңгерген магистранттар отандарына магистрлік зерттеу жұмысын жазу үшін қайтып кете алады. Магистрлік жоба онлайн тәртібінде қорғалуы мүмкін, сондықтан ол үшін Қазақстанға қайтып келудің қажеті жоқ.
Кредиттерді бағалау: педагогика және ағылшын тілін оқыту мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын сәтті аяқтаған шетелдік магистранттар ҚАЕУ-ден педагогика және ағылшын тілін оқыту мамандығы бойынша магистр дәрежесін алады. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәуелсіз агенттік (ББСҚҚТА) аккредитацияларынан өткен. Сонымен қатар магистранттар ҚАЕУ-ден ресми транскрипт алады.