АИТВ / ЖИТС алдын алу жөніндегі маманмен кездесу

2025 жылғы 27 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттер Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС — тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК маманы Динара Рашидқызы Сәлімбаевамен кездесті.

Кездесу тақырыбы — «ЖИТС— ның алдын алу және оған қарсы күрес» – әсіресе жастар аудиториясы үшін өзекті болды. Динара Рашидқызы студенттерге АИТВ-инфекциясымен байланысты  аңыздар мен қате түсініктер, сондай-ақ алдын алу шаралары және уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы айтып берді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманның білікті жауаптарын ала алды. Мұндай іс-шаралар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруда және студенттердің хабардарлығын арттыруда маңызды рөл атқарады.