«Antiparacraft-2025» сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойыны

2025 жылғы 28 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде жастардың сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділігін қалыптастыруға бағытталған жыл сайынғы «Antiparacraft-2025» квест-ойыны өтті.

Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның экономикалық және саяси дамуына кедергі келтіретін негізгі  мәселелердің бірі болып қала береді. ҚАЕУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартумен белсенді айналысады, дәрістер, форумдар, «парасаттылық сағаттары» және интерактивті ойындар өткізеді.

Биылғы жылы қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы білімдері мен дағдыларын көрсететін төрт сынақ кезеңі күтті. Сонымен қатар, студенттер сыбайлас жемқорлық қылмыстарының өзекті мәселелерін ашатын бейнероликтер дайындады.

Командаларды бағалаған құрметті қазылар алқасы мына құрамда болды:

Бекбаева Гүлнұр Айтқұрманқызы -Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің аға офицері;

Абдрахманова Ардақ Құрманбайқызы – ҚАЕУ комплаенс-офицері;

Тәжиева Маржан Нұрбекқызы – құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы.

Бас жүлде -ҚАЕУ адалдық Кубогын – ең белсенді және терең білімін көрсеткен «Заң және дәлел» командасы лайықты жеңіп алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

ҚАЕУ жоғары моральдық құндылықтарды қалыптастыру және жастардың құқықтық мәдениетін дамыту жөніндегі өз миссиясын жалғастыруда. Біз бірге сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құрып жатырмыз!