Арнайы психология: ШҚО білім басқармасының АСД балаларды қолдау орталығында кездесу
2023 жылғы 15 қарашада «Психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері «Арнайы психология» пәні аясында ШҚО білім басқармасының аутизм спектрі бұзылған балаларды қолдау орталығына барды. Орталық басшысы Дюсембинова Динара Амангельдіқызы студенттерді орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, аутизм спектрі бұзылған балалар мен олардың отбасыларын диагностикалау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағдарламаларымен (ерте қолдау; оқыту, өмірлік, әлеуметтік дағдылар; қарқынды курс; JASPER және т.б.) таныстырды. Білім алушылар жеке және топтық жұмыстарға арналған кабинеттермен, сабақ өткізуге арналған жабдықтармен танысты.
Педагогика және психология кафедрасы