Авторлық куәліктерді алу

Ғылыми сала зияткерлік меншікпен тығыз байланысты: біреу жаңа әзірлемелермен жұмыс істейді, басқалары ғылыми зерттеулер жүргізеді, ал  кейбірі әлемге жаңа жаңалықтар туралы баяндайтын мақалалар жазады. Ғылыми қызметтегі зияткерлік меншік ғылым туындыларына авторлық құқық объектілерімен ұсынылған.

2023 жылғы 27 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқытушылары мен студенттері ғылым туындыларына авторлық куәлік алды,  ол мына объектілерге зияткерлік меншік құқығын дәлелдейді:

-шетел тілдері кафедрасының студенттері Кулюкина М.В., Гинаятова Б.С., Ермұратова Ж.Е., Кәкен А.А., Бердіханов А.А., Әділханқызы Ж., Дьячкова А.В. аға оқытушы Осколкова Анна Александровнаның жетекшілігімен «GRAMMAR STORIES FOR “ENGLISH FILE PRE-INTERMEDIATE” TEXTBOOK» туындысына авторлық құқықтарын тіркеді.

– филология ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының профессоры Нұрланова Әсем Нұрланқызы “Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі” ММ “Тілдерді оқыту орталығы” КММ басшысы, “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы магистратурасының түлегі Садықова Құралай Қаукенқызымен бірлесіп «ЛАТЫН НЕГІЗДІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫН ЕРЕСЕКТЕРГЕ МЕҢГЕРТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» туындысына авторлық куәлік алды. 

– заң ғылымдарының кандидаты, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Юлия Александровна Гаврилова “ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІГІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ” монографиясына авторлық құқықты тіркеді.

Шығармалардың авторларына оларды әрі қарай коммерцияландыруды тілейміз!

Ғылыми-зерттеу бөлімі