«Банктегі мансаптық мүмкіндіктер мен мамандықтар: қаржы саласында өз жолыңды қалай бастау керек» тақырыбындағы қонақ дәрісі
2025 жылғы 19 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде бизнес кафедрасының студенттеріне «Банктегі мансаптық мүмкіндіктер мен мамандықтар: қаржы саласында өз жолыңды қалай бастау керек» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Спикер ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ШҚФ бөлшек бизнес Орталығының бастығы Жикебаева Шынар Әлиасқарқызы сөз сөйледі. Дәріс барысында Шынар Әлиаскарқызы қазіргі заманғы банк қызметтері нарығының келшегі туралы айтып, Халық Банкінің өнімдерін ұсынды және банк секторында сұранысқа ие негізгі мамандықтарды атап өтті. Ол түйіндеме жасаудың қыр-сырына, әңгімелесуден сәтті өтуге, сондай-ақ жастардың киберқауіпсіздігі мен қаржылық сауаттылығының өзекті мәселелеріне ерекше назар аударды.
Дәрістің негізгі тақырыптары:
– Заманауи банкирге қандай дағдылар қажет?
– Жұмыс берушінің назарын аударатын түйіндемені қалай жасауға болады?
– Сұхбатты қалай сәтті өткізіп, армандаған жұмысқа орналасуға болады?
– Қаржылық сауаттылық пен киберқауіпсіздік неге соншалықты маңызды?
Дәріс қызу диалог форматында өтті: студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды және банк саласында мансап құру бойынша құнды кеңестер алды.
Шынар Әлиасқарқызына қызықты, әрі пайдалы дәрісі үшін алғыс айтамыз!
Бизнес кафедрасы


