«Барыс» ХК шабуылшысы Кирилл Ляпуновпен сұхбат

Қазақстан Республикасының «Барыс»  жастар құрамасы француз Анжесінде өткен әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді. «Дене шынықтыру және спорт» ББ ҚАЕУ 1-курс студенті, «Барыс» ХК шабуылшысы Кирилл Ляпунов сұхбатында жеңіске жеткеннен кейін алған әсерімен бөлісті. Кирилл әлем чемпионатындағы жеңіс – көпжылдық қажырлы жаттығулардың нәтижесі екенін атап өтті. Позитивті эмоциялар мен өзара қолдаудың арқасында Қазақстан командасы турнирде үздік нәтижелер көрсете алды. Сұхбат соңында Кирилл хоккейшілерге мынадай кеңес берді:  «Ешқашан берілмеңдер, өздеріңе және өз күштеріңе сеніңдер». Тек табандылық арқылы спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Жеңіспен құттықтаймыз және одан әрі табыстар тілейміз!

Педагогика және психология кафедрасы