Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінде (Цвиккау, Германия) “IT-Менеджмент” қос дипломды білім беру бағдарламасының магистранттарын оқыту басталды
Оқуды бастау рәсіміне ҚАЕУ бірінші вице-президенті, PhD докторы, Байкенов Жасұлан Ерболұлы, Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінің басшылығы және “IT-Менеджмент” білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты.
Жасұлан Ерболұлы Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетіне осы білім беру жобасын құрудағы және іске асырудағы басты рөлі мен қолдауы үшін алғысын білдіріп, магистранттарды оқудың басталуымен құттықтады.
“Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бұл жаңа жоба біздің бірлескен күш — жігеріміздің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар халықаралық білім беру кеңістігін дамытудың символы болып табылады”,-деп атап өтті, ҚАЕУ бірінші вице-президенті. “Біздің магистранттарымыздың сапалы академиялық ортада бірегей оқу тәжірибесін алу мүмкіндігі бар және неміс әріптестерімізге қонақжайлылығы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз”.
Қос дипломды бағдарлама білім алушылардың өздерінің кәсіби құзыреттерін информатика, бизнес-ақпараттық жүйелер, менеджмент және іскерлік әкімшілендіру саласындағы білімдерімен байланыстыру мүмкіндігіне бағытталған. Сонымен қатар, бағдарлама магистранттарға мәдениетаралық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
ҚАЕУ магистранттардың жаңа тобына табыс тілейді және болашақта олардың жетістіктерін көруді асыға күтеді. Университет оларды бүкіл білім беру жолында қолдауға дайын.
“IT-Менеджмент” магистратурасының қос дипломды бағдарламасына түсу туралы қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан-Американдық еркін университетінің халықаралық бөліміне хабарласыңыз.