Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттіктің жоғары бағасы
2023 жылғы мамырда Қазақстан-Американдық еркін университеті білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық агенттікте (НКАОКО) магистратураның 3 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.
НКАОКО Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен ҚАЕУ 7М01704 “Қазақ тілі мен әдебиеті”, 7М03104 “Психология”, 7М01706 “Орыс тілі мен әдебиеті” магистратурасының білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелген.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Американдық еркін университеті білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA-Ranking) деректері бойынша Қазақстанның жетекші гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінің топ-7 – кірді.
Жұртшылықпен байланыс орталығы