Білім күні құтты болсын!
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің бас ғимаратында Білім күніне арналған ҚАЕУ университеті мен Жоғары колледжінің студенттері үшін дәстүрлі салтанатты жиын өтті.
ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев өз сөзінде әлемдік дамудың қазіргі жағдайында білім берудің маңыздылығын атап өтті. Университет студенттері, түлектер мен оқытушылар да бірінші курс студенттеріне тілектерін білдірді.
Барлық студенттерге табысты оқу, ғылыми және шығармашылық жеңістер тілейміз!