Болашақ  педагогтерге арналған  тәжірибелік сабақ

2025 жылғы 26 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Әдебиетті оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Оқытудың белсенді нысандары мен әдістері, технологиялары» тақырыбында    тәжірибелік сабақ өтті.

Сабақты ҚАЕУ педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Абылғазинова Әйгерім Бауыржанқызы, сондай – ақ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 орта мектебі» КММ мұғалімі өткізді. Ол заманауи білім беру технологияларын белсенді енгізетін, мектеп пен ЖОО-дағы жұмысты үйлестіретін тәжірибелі педагог-модератор.

Сабақ барысында студенттер оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған оқытудың инновациялық әдістерімен танысты. Талқылау және  тәжірибелік жаттығулар барысында болашақ мұғалімдер алған білімдерін қолдана алды, бұл олардың кәсіби дайындығының маңызды кезеңі болды.

Бірінші курстардан бастап оқыту әдістемесін зерттеу-табысты педагогикалық  тәжірибенің негізі. Бұл болашақ мамандарға заманауи оқыту технологияларын игеріп қана қоймай, сонымен қатар мамандыққа енуді едәуір жеңілдететін нақты оқу ортасына бейімделуге көмектеседі.

ҚАЕУ-дың басым міндеттерінің бірі өзгермелі білім беру жүйесінде тиімді жұмыс істей алатын сұранысқа ие мамандарды даярлау болып табылады. Тәжірибеге бағытталған тәсіл студенттерге оқытудың әдістемелік  қағидаларын сенімді меңгеруге және оларды  тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Әйгерім Бауыржанқызы сияқты тәжірибелі педагогтермен сабақтар болашақ мұғалімдерге құнды кәсіби дағдыларды игеруге, педагогикалық шеберлікті және оқушылармен жұмыс істеуге деген сенімділікті дамытуға көмектеседі. Оқытудың бұл форматы кәсіби өсуге және жаңа білім беру технологияларын енгізуге дайын құзыретті, креативті педагогтарды қалыптастырады.

Педагогика және психология кафедрасы