“Brain-friendly activities for the English classroom” семинары
2023 жылғы 21 және 28 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде сертификатталған ағылшын тілі мұғалімі Кэтлин Хайдпен (Портленд қ., Орегон штаты, АҚШ) “Вrain-friendly activities for the English classroom” тақырыбында семинар өтті.
Семинар орта және жоғары буын оқушыларымен жұмыс істейтін ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған және сабақтарда белсенді өзара іс-қимыл үшін тапсырмаларды әзірлеу әдістемесіне арналған. Мұндай “ақылға қонымды” тапсырмалар мидың әртүрлі бөліктерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып жасалады және оқу материалын игеруде үлкен тиімділікті қамтамасыз етеді. Семинарға қатысушылар осындай тапсырмаларды дайындау технологиясымен танысып, оларды шетел тілін оқытудың әртүрлі деңгейлерінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Шетел тілдері кафедрасы