CRAFT: ОҚЫТУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ ДАМУ
2023 жылдың10 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университетінде Германиядан келген “Craft” бағдарламасының өкілі Константин Сабитовпен “Германияда оқу” тақырыбында студенттер кездесуі өтті. Кездесу аясында білім алушыларға дуалды оқыту мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтылды. “Craft” бағдарламасы Тюрингия федералды үкіметінің қолдауымен және Еуропалық “Плюс” әлеуметтік қорымен қаржыландырылады. Бұл жоба Германияда кәсіптік білім беруді дамытуды қолдауға бағытталған.
Бағдарламаға қатысудың негізгі шарты – неміс тілін В1-В2 деңгейінде білу.






