Creative Week – Креативті идеялар апталығы

«Creative Week – Креативті идеялар апталығы» көрмесі 11 қыркүйекте Өскемен қаласында ашылды. Көрме Қазақстан-Американдық еркін университетінің бас оқу  ғимаратында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, ҚАЕУ президенті – Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы, халықаралық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі ҚАЕУ вице-президенті Дэниэль Бэлласт, Де Монфорд университетінің (Лондон, Ұлыбритания) профессоры Аллан Тейлор, «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Андрей Павлович Лазарев, қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары- Ирина Федоровна Смит,  ШҚО кәсіпкерлік секторының басшысы–  Гасан Болатбекұлы Тұрғанбаев,  «ШҚО ресурстық орталығы»ҚБ басшысы- Раиса Шеризданқызы Мұхамеджанова  қатысуымен өтті. Көрменің ашылуына сондай-ақ ҚАЕУ әкімшілігі, қызметкерлері және шетелдік қонақтары қатысты.

Көрме ҚАЕУ Креативті директоры Астафьева Александра Геннадьевнаның бастамасымен және доктор Аллан Тейлордың қолдауымен және онымен серіктестік аясында өтті.

Студенттердің, оқытушылардың, жергілікті тұрғындардың арт-кәсіптерін насихаттау және креативті кәсіпкерлікті қолдау үшін шығармашылық идеяларын таныстыру – аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты.

2023 жылғы 11-15 қыркүйек аралығында М. Горький көшесі, 76 мекенжайы бойынша көрменің экспонаттарымен танысуға болады.