Дүниежүзілік банктің Қазақстан және Түркіменстандағы тұрақты өкілінің «Болашақты құру: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін реформалар» тақырыбындағы дәрісі

2024 жылғы 14 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Дүниежүзілік банктің Қазақстан мен Түркіменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневтің «Болашақты құру: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін реформалар» тақырыбында дәрісі өтті.

Іс – шара барысында Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің ағымдағы жобалары туралы мәліметтер ұсынылды, олар инвестицияларды тартудан бастап адами капитал деңгейін арттыруға және дағдарыстарға төзімділікке дейінгі әртүрлі аспектілерді қамтиды. Дәріскер Шығыс Қазақстан облысындағы жобаларға ерекше назар аударды, онда әлеуметтік және экономикалық сын-қатерлерге қарамастан орта таптың айтарлықтай өсуі және кедейлік деңгейінің төмендеуі атап өтілді.