Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында кәсіптік бағдар беру іс-шарасы
2024 жылдың 16 сәуірінде Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицей-интернатында Қазақстан-Американдық еркін университеті өкілдерінің ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.
Оқу орнының негізін қалаушылар Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев пен Дэниэль Бэлласт түлектер алдында сөз сөйлеп, білім алудың маңыздылығына тоқталып, университет ұсынып отырған бірегей мүмкіндіктерге тоқталды.
ҚАЕУ докторанты Штефан Ноак шетелде оқу тәжірибесімен және халықаралық білім алудың артықшылықтарымен бөлісті. Сондай-ақ студенттерге университет гранттары, қабылдау ережелері, қос дипломдық білім, академиялық ұтқырлық және студенттік өмір туралы айтылды.
Сондай-ақ кездесу барысында мектеп түлектері белсене қатысқан интерактивті викториналық ойын өткізілді.
Ұйымдастырушылар белсенді қолдау көрсеткендері үшін баршаларына алғысын білдіріп, бұл шара түлектерді оқуда және мансапта табысты болашаққа шабыттандырды деп сенеді.
Маркетинг және қабылдау бөлімі