«Developing of the second-tier banking sector in Kazakhstan» тақырыбында қонақ дәрісі
2024 жылғы 07 қарашада «Бизнес» кафедрасының білім алушылары «Developing of the second-tier banking sector in Kazakhstan» тақырыбында қонақ дәрісіне қатысты.
Спикер ретінде «Forte Bank» АҚ бизнес-сату басқармасының менеджері, 7М04102 «Менеджмент» ББ түлегі Байғалиева Іңкәр Бауыржанқызы сөз сөйледі.
Білім алушылар Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің даму ерекшеліктері тақырыбында дәріс тыңдап, банк саласындағы ағымдағы трендтерді талқылады. Спикер нарықтық өзгерістерге бейімделу үшін «Forte Bank» АҚ қолданатын стратегиялары туралы айтып, кәсіби білімі мен тәжірибесімен бөлісті.
Дәріс барысында Байғалиева Іңкәр Бауыржанқызы елдің экономикалық өсу жағдайларына қатысты банк саласындағы сатуды басқарудың заманауи тәсілдеріне назар аударды. Банктік қызметтерді цифрландыру, клиенттік сервисті дамыту және кәсіпкерлікті қолдаудағы екінші деңгейдегі банктердің рөлі сияқты аспектілер қозғалды.
Қонақ дәрісінің соңында тыңдаушылар спикерге алған ақпараты үшін алғыстарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарын талқылады.
Бизнес кафедрасы