Дөңгелек үстел – «Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан. Қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі» диалог алаңы
2023 жылғы 21 желтоқсанда Өскемен қаласының № 34 мектеп-лицейінде 11 сынып оқушылары, мектептің педагогтары арасында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан. Қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі» диалог алаңында Дөңгелек үстел болып өтті, онда ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушылары Егоренкова Елена Николаевна мен Мужчиль Савелий Александрович онлайн форматта сөз сөйледі. Айта кетейік, Е. Н.Егоренкова мен С. А. Мужчиль Өскемен қаласының №34 мектеп-лицейінің түлектері болып табылады.
Дөңгелек үстел аясында мектептің бұрынғы және қазіргі түлектерінің қазіргі жастар туралы белсенді және қызықты диалогы өтті. Жастардың біздің мемлекетіміздің өміріне, бизнес саласына қатысуы, сапалы білім алу мәселелері және кейінгі өмірде кәсіби өсу келешегі туралы мәселелер көтерілді. Лицей оқушылары өз ойларын білдіріп, дөңгелек үстелге қатысушыларға сұрақтар қоя алды.
Жастарға әрдайым ілгерілеп, өз Отаны – Қазақстан Республикасына пайдасын әкелуін тілейміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы