Дұрыс таңдау жасауға көмектесетін кездесу
2024 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде Өскемен қаласындағы «№34 мектеп-лицейі» КММ 9-10 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
Студенттер алдында «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы Галина Анатольевна Мензюк, маркетинг және қабылдау бөлімінің меңгерушісі Азамат Бердібекұлы Бердібеков, сонымен қатар маркетинг және қабылдау бөлімінің менеджерлері сөз сөйледі.
Студенттер спикерлерге сұрақтар қоюға, оқу бағдарламалары, мемлекеттік гранттар және ҚАЕУ ұсынатын мүмкіндіктер туралы біле алды.
Іс-шара аясында «Логика қайда?» атты қызықты ойын ойналып, оған оқушылар белсене қатысып, жеңімпаздарға шағын естелік сыйлықтар табыс етілді.
Кездесу соңында оқушыларға университет ғимаратымен жақынырақ танысуға, оқу аудиторияларын, кітапхананы тамашалауға және қарбалас студенттік өмірді сезінуге мүмкіндік берілді.
Студенттер атап өткендей, кездесу олар үшін қызықты әрі танымдық болды.
Маркетинг және қабылдау бөлімі