Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ мен ҚАЕУ-дің болашақ журналистер даярлаудағы серіктестігі

2022-2023 оқу жылында Қазақстан-Американдық еркін университеті Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен серіктестік туралы Келісім шарт жасасты. Осы Шарт негізінде «Журналистика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Медельбекова Жібек аталмыш жоғары оқу орында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023 жылдың 23-қаңтарынан бастап білім алуда (оқу 1 семестр көлеміне созылады).

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Журналистика кафедрасы бұқаралық ақпарат құралдары саласында мамандар даярлауды жүзеге асырып, бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады. Кафедра студенттері бес траектория бойынша оқиды: «Электронды БАҚ», «Баспасөздегі БАҚ», «Трансмедиялық журналистика», «Жарнама және PR қызметі», «Креативті digital-технологиялар».

Журналистика кафедрасында оқу теледидары зертханасы жұмыс істейді. Ол студия, монтаждық, аппараттық, радио торабы, эксперименттік оқу аудиториясын қамтитын кешен болып табылады. Зертханада телевизиялық және радиожурналистика бойынша практикалық сабақтар жүргізіледі.

Медельбекова Жібек, болашақ журналист ретінде, университеттің материалдық техникалық базасымен танысып, тәжірибелі педагогтардан білім алып, өз дағдысын жетілдіруде. Оқу барысында  баспасөз релиздерін жазуды, бэкграундтар жасауды және түсіруді, брифингтер, баспасөз конференцияларын ұйымдастыруды, БАҚ өкілдерімен жұмыс істеуді үйренуде.

Педагогика және психология кафедрасы