«Егемен Республика» қонақ дәрісі
2023 жылғы 19 қазанда Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Мужчиль Савелий Александрович Өскемен жоғары политехникалық колледжінде «Егемен Республика» қонақ дәрісін өткізді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы күніне арналды.
Дәріс барысында студенттерге Қазақстан Республикасының жетістіктері туралы айтылды. Сонымен қатар, білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша әңгіме және викторина өткізілді. Сонымен бірге білім алушылар Қазақстан-Американдық еркін университетінің тарихы туралы ақпаратты тыңдады.
Ынтымақтастық үшін Өскемен жоғары политехникалық колледжіне алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы