«Ел экономикасының дамуына жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін төмендетудің әсері» тақырыбында қонақ дәрісі
2023 жылғы 29 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің бизнес кафедрасының білім алушылары «Ел экономикасының дамуына жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін төмендетудің әсері» тақырыбында қонақ дәрісіне қатысты.
Спикер ретінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазыұлы Қайырғазинов сөз сөйледі.
Жұмыссыздық деңгейі – белгілі бір жас тобындағы жұмыссыздар санының тиісті жас тобындағы экономикалық белсенді халық санына қатынасы.
Кедейлік деңгейі – бұл адам немесе отбасы кедей болып саналатын ең төменгі кірісті немесе тұтыну себетін анықтайтын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш.
Қонақ дәрісі барысында жергілікті атқарушы органның өкілі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары және әлеуметтік қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер көші-қон қызметін реттеудің және оның ел экономикасына ықпалының маңыздылығын атап өтті.
Қонақ дәрісінің соңында тыңдаушылар спикерге алған ақпараты үшін алғыстарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарын талқылады.
Бизнес кафедрасы