Ешкі Көрпеш пен Баян сұлу күніне арналған әдеби кеш
Университетімізде мәңгілік махаббатың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай әдеби кеш өтті.
Бұл мереке еліміздің жастары арасында кеңінен тойланып келеді. Аталмыш мерекеге орай Қазақстан-Американдық еркін университетінде ең алғаш рет ауқымды түрде жас ұрпақтың бойындағы ұлттық ерекшелік сезімін, ұлт тарихы мен мәдениетін дәріптеу мақсатында әдеби кеш өткізілді.
Әдеби кешке арнайы кәсіби шоумен Ануар Ахметқалиев және жұбайы блогер Сара Нұржанқызы шақырылды. Кеш қонақтарынан бөлек өнерге жақын жастар да өз туындыларымен бөлісіп, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Шара барысында әсем әндер шырқалып, түрлі ойындар ойнатылды.
Осы әдемі кешке алтын уақытын бөліп келіп, бізбен бірге болған жандарға алғысымыз шексіз!
Педагогика және психология кафедрасы