Философия докторы (PhD) дәрежесін берілуімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті
2022 жылғы 14 қазанда “Құқық және халықаралық қатынастар”
кафедрасының аға оқытушысы Үмітшінова Ботагөз Аспандиарқызына
6D030100 “Құқықтану” білім беру бағдарламасы бойынша философия
докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Диссертацияның тақырыбы – “ЕАЭО қатысуы жағдайында ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы кеден
органдары қызметінің ұйымдық-құқықтық негіздері”. Жұмыс “Құқық және
халықаралық қатынастар” кафедрасында заң ғылымдарының кандидаты,
доцент, ҚАЕУ “Бизнес, құқық және педагогика” факультетінің деканы
Мензюк Галина Анатольевнаның жетекшілігімен орындалды.

Әрі қарай ғылыми жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

ҚАЕУ әкімшілігі мен ұжымы

Умитчинова Ботагоз Аспандиаровна