Gangster party: бірінші курстықтарды студенттер қатарына қабылдау

2023 жылғы 6 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде “Gangster party” стилінде өткен көптен күткен  бірінші курстықтарды студенттер қатарына қабылдау болып өтті. Бұл салтанатты іс-шара дәстүрлі түрде оқу жылының басталуын атап өтеді және жаңадан бастаушыларға ҚАЕУ-нің үлкен және тату академиялық отбасының бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі.

Дәстүр бойынша ҚАЕУ-нің бірінші вице-президенті Ж.Е.Байкенов құттықтау сөз сөйледі.

“Студенттер қатарына қабылдау – бұл жай ғана дәстүрлі іс-шара емес, бұл біздің студенттеріміз үшін ұзақ мерзімді достық қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ жоғары білімнің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік”, – деп атап өтті Жасұлан Ерболұлы.

Сондай-ақ, ҚАЕУ-нің халықаралық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дэниэль Белласт құттықтау сөз сөйледі. Ол қызықты викторина мен ойжұмбақтар ұйымдастырды.

ҚАЕУ студенттерді дамыту орталығының белсенділері бірінші курс студенттері үшін жарқын концерттік нөмірлер мен қызықты конкурстарды қамтитын бай бағдарлама дайындады.

ҚАЕУ студенттері қатарына қабылдау – бұл мереке ғана емес, сонымен қатар білім, мүмкіндіктер мен сәттілік әлеміне қызықты саяхаттың басталуы.

Жұртшылықпен байланыс орталығы