Гендерлік көзқарас мәнмәтінінде Қазақстандағы әйелдер қылмысын талдау: GEACollege, Slovenia халықаралық конференциясындағы зерттеу нәтижелері
2024 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстанның экономикалық-демографиялық дамуы: гендерлік аспекті» 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру AP19680677 ғылыми жобасының ғылыми-зерттеу тобының мүшесі, PhD докторы, ҚАЕУ бірінші вице-президенті Байкенов Жасұлан Ерболұлы GEA College – Faculty of Entrepreneurship, Slovenia «ADVANCES IN BUSINESS-RELATED SCIENTIFIC RESEARCH CONFERENCE» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
Жасұлан Ерболұлының баяндамасы ағылшын тілінде «ANALYSIS OF FEMALE CRIME IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN IN THE CONTEXT OF A GENDER APPROACH» тақырыбында ұсынылды.
Баяндама авторы қылмыс құрылымындағы әйелдер қылмысының үлес салмағының салыстырмалы тұрақтылығын көрсетті; Қазақстан Республикасында сотталған әйелдердің ең көп саны меншікке қарсы қылмыстар үшін екенін және әйелдер қылмысының динамикасы жалпы Қазақстандағы қылмыстың даму векторын ұстанатынын көрсетті.
Жұртшылықпен байланыс орталығы