Георг Симон Ом атындағы Нюрнберг техникалық университетінде ҚАЕУ халықаралық ынтымақтастық апталығы өтті
2024 жылғы 4-9 қараша аралығында Георг Симон Ом атындағы Нюрнберг қолданбалы ғылымдар Техникалық Университетінің бизнес-әкімшілендіру факультетінде. халықаралық ынтымақтастық апталығын өтті, оған Аргентина, Чили, АҚШ, Финляндия, Қытай, Қазақстан, Испания, Таиланд және Оңтүстік Африка Республикасы серіктес ЖОО өкілдері келді.
Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Георг Симон Ом атындағы Техникалық Университеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және тереңдету мақсатында., бизнес кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Мұхамадиева Айжан Арғынқызы және халықаралық бағдарламалар директоры Кабардина Анна Владимировна Нюрнберг университетінің студенттері үшін қонақ дәрістер өткізді, серіктес жоғары оқу орындарының халықаралық көрмесіне қатысты, ынтымақтастық жоспарларын талқылау үшін университет басшылығымен кездесті, сондай-ақ «VUCA-әлемдегі бизнес-білім берудегі инновациялар» халықаралық апталығының негізгі тақырыбына арналған тұсаукесерлер мен семинарларға қатысты (VUCA әлемі – бұл болжанбайтын, тез өзгеретін ортаны сипаттайтын тұжырымдама және төрт сипаттаманы қамтиды: құбылмалылық-өзгергіштік, uncertainty — белгісіздік, complexity -күрделілік, ambiguity-түсініксіздік).
Халықаралық апта аясында делегация Нюрнберг қалалық әкімшілігінің өкілдерімен кездесті, «Zunkunftsmuseum» (Болашақ мұражайы), LEONARDO шығармашылық ынтымақтастық орталығы және әйгілі батыс неміс экономисі Людвиг Эрхард Орталығына барды.