Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің Қазақстан Республикасына сапары
2023 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетіне Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен ханым келді.
Кездесуде ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, Мәмбетказиев Ережеп Әлхайырұлы ЖОО-ның неміс университеттерімен, ұйымдарымен және компанияларымен қарым-қатынасының жемісті тарихын атап өтті, сондай-ақ неміс серіктестерімен бірлескен жобаларды қолдағаны үшін елшілікке алғысын білдірді.
ҚАЕУ-нің негізгі серіктестері Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университеті, Нюрнберг техникалық университеті, Қазақстандағы Гете атындағы институт, Германияның академиялық алмасу қызметі болып табылады.
ҚАЕУ-нің білім және ғылым саласындағы маңызды жетістіктерінің бірі Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетімен серіктестікте «IT Management» бағыты бойынша қос дипломды магистратура бағдарламасын іске қосу болды. ҚАЕУ оқытушылары мен студенттері Германияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өтеді. Өз кезегінде, неміс жоғары оқу орындарының ғалымдары ҚАЕУ-нің оқу процесіне, конференцияларына және ғылыми жобаларына белсенді қатысады, оның ішінде біздің ЖОО докторантурасында оқиды.
Жұртшылықпен байланыс орталығы









