Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек  Е.Ә.Мәмбетқазиевті «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады

2024 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде университеттің 30 жылдығына және академик Ережеп Мәмбетқазиевтің ректорлық қызметінің 40 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар шеңберінде, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевке отандық білімге сіңірген  аса көрнекті еңбегі және Қазақстанның жоғары мектебінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.

Ережеп Мәмбетқазиев – өмірі мен мансабы Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуымен тығыз байланысты адам. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш білім министрі бола отырып, ол «Болашақ» бағдарламасын құруды, үш тілде білім беруді енгізуді және еліміздегі алғашқы халықаралық жекеменшік университет болған ҚАЕУ сияқты жекеменшік жоғары оқу орындарын ашуды қоса алғанда, бірқатар реформаларға бастамашы болды және іске асырды.

Оның басшылығымен ҚАЕУ мыңдаған табысты түлектерді дайындаған және АҚШ, Еуропа және Азия университеттерімен берік серіктестік орнатқан әлемдік деңгейдегі танылған білім беру орталығына айналды.