Ғылыми тәжірибелік форумға қатысу
2024 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары мен магистранттары Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өткен әкімшілік құқықтың дамуы, проблемалары мен болашағына арналған ғылыми Форумға қатысты. Форумда әкімшілік іс жүргізу құқығы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот ісін жүргізу, Қазақстан Республикасының әкімшілік және әкімшілік іс жүргізу заңнамасының даму келешегі мәселелері талқыланды.
Ғылыми-тәжірибелік форумның ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облыстық соты және Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы