«Ғылыми жоба: жоспардан іске асыруға дейін» шеберлік сабағы
2023 жылғы 3 қарашада «Әлемдік білім және ғылым: жаһандық сын-тегеуріндерді бірлесіп еңсеру» атты ҚАЕУ Халықаралық конгресі аясында «Ғылыми жоба: жоспардан іске асыруға дейін» атты шеберлік сабағы өтті. Спикер – экономика ғылымдарының кандидаты, бизнес кафедрасының профессоры А. А. Мұхамадиева.
Айжан Арғынқызы ҚАЕУ магистранттарымен, докторанттарымен және оқытушыларымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурстарына өтінім беру тәжірибесімен бөлісті. Спикер ғылыми жоба тақырыбына, проблемалық мәселелерді қалай іздеуге, ғылыми әдебиеттермен қалай жұмыс істеуге, ғылыми зерттеу аппаратын қалай құруға және т. б. негізгі талаптарды атап өтті.
Айжан Арғынқызы ҚАЕУ ИРН AP19680677 «Қазақстанның экономикалық-демографиялық дамуы: гендерлік аспект» гранттық жобасының жетекшісі бола отырып, ғылыми жобаны іске асыру тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ тыңдаушыларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.
Ғылыми-зерттеу бөлімі