Гранттық қаржыландыру бойынша семинар
Ғылыми жобада бухгалтер қажет пе, негізгі жұмыс пен жобадағы жұмысты қалай біріктіруге болады, командаға қанша адам кіре алады, серіктес кім және бүгінгі күні қандай идеялар қажет – осы және басқа да сұрақтарға “Ғылым қоры” АҚ өкілдері қаламыздың зияткерлік элитасымен кездесуде жауап берді.
2023 жылғы 12 маусымда Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 2023-25 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобалары қорын гранттық қаржыландыру бойынша семинар өтті. Іс-шараға қаламыздың жоғары оқу орындарының басшылығы мен ғалымдары қатысты. Ақпаратты “Ғылым қоры” АҚ Технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры Рақышева Айғаным Балапанқызы және “Ғылым қоры”АҚ Технологияларды коммерцияландыру департаментінің менеджері Керімбаев Әнуар Раулұлы ұсынды. Ғылым қорының өкілдері өтінім беруді, қаржыландыру мәселелерін және биылғы жылдан бастап тапсыру рәсіміне енгізілген жаңалықтарды егжей-тегжейлі қарастырып, аудиторияның көптеген сұрақтарына жауап берді.
Қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау 1 маусымда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.
Жұртшылықпен байланыс орталығы






