Грантты міндетті түрде өтеу мәселелері бойынша қаржы орталығының өкілімен кездесу
2024 жылғы 10 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде университеттің бакалавриат, магистратура және докторантураның бітіру курсында білім алушылармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуді «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Ақзира Серікқалиқызы өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жас мамандарды оқытуға жұмсалған мемлекеттік қаражатты өтеу туралы ережелерді түсіндіру, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыруды қолдау, оның ішінде ауылдық квота бойынша оқыған түлектерді жіберу мәселелерін талқылау.
Кездесу барысында спикер түлектерге мемлекеттік грантты міндетті түрде өтеу бойынша қойылатын талаптар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.



