Халықаралық қызмет
Жалпы ақпарат
Қазақстан-Американдық еркін университеті өзінің қызмет еткен жылдарында өнеркәсіп, білім беру, ғылым саласында халықаралық серіктестіктің дамуына зор үлес қосты.
Халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты: ұлттық дәстүрлер мен үздік халықаралық тәжірибе, сонымен қатар халықаралық серіктестік саласындағы әлемдік тәжірибенің жаңа жетістіктерін пайдалану негізінде бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін жоғары білім-ғылым әлеуетін құруға ықпал ететін ЖОО-дағы интегралды білім беру жүйесінің дамуы үшін оңтайлы ғылыми-әдістемелік, ұйымдық, кадрлық, ақпараттық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету.
Халықаралық ынтымақтастықтың міндеттері:
- ЖОО-ның халықаралық абыроайы мен әлеуметтік мәртебесін арттыру;
- ЖОО-ның білім беру, ғылыми, оқу-әдістемелік қызметін нығайту және дамуы;
- ЖОО-ның білім беру ортасында этникалық және ұлтаралық мәдениетті арттыру;
- Қазақстан Республикасы халықтарының және әлемнің басқа да елдерінің тіліне, мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүрлеріне, дініне деген қатынастарын көзқарастарын қалыптастыру;
- Азаматтық және адамгершілік тәрбие механизмдері мен мазмұны, гуманитарлық принциптердің дамуы;
- Оқу бағдарламалары мен зерттеу саласындағы халықаралық сапа стандарттарының жетістігін қалыптастыру;
- Халықаралық білім беру процесіне қызметкерлерді тарту және білім алушылардың мобильділігін қамтамасыз ету;
- Білім алу саласында педагогикалық және ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру, бірлескен оқу-әдістемелік бағдарламаларын зерттеу, баспа қызметіндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту.