И. В. Бордиянудың (PhD) халықаралық қонақ дәрісі
Профессор Бернд Цирклер (PhD) және ҚАЕУ докторанты Штефан Ноакпен бірлесіп «Тұрақты дамуға бағытталған басқару» тақырыбында И. В. Бордиянудың (PhD) халықаралық қонақ дәрісі. Георг Симон ОМ атындағы Нюрнберг техникалық университеті, Нюрнберг қ-сы, Германия
2023 жылғы 18 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің Георг Симон ОМ атындағы Нюрнберг техникалық университетімен Германия, Нюрнберг қ-сы., ынтымақтастық туралы Меморандум аясында, халықаралық апта кезеңінде профессор Бернд Цирклер (PhD) мен бизнес кафедрасы меңгерушісі И.В. Бордиану (PhD) және бизнес кафедрасының докторанты Штефан Ноакпен бірлесіп «Тұрақты дамуға бағытталған басқару» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.
Қонақ дәрісіне «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты.
Дәріс аясында келесі мәселелер қаралды:
- Тұрақты дамуды басқару тәсілдері;
- Әлеуметтік және экологиялық аспектілерді экономикалық құн драйверлері жүйелеріне интеграциялау;
- Қолданбалы зерттеулер-докторлық жобаға арналған идеялар.
Магистранттарға тұрақты тәжірибелерді табысты енгізетін ұйымдардың нақты мысалдары ұсынылды. Бұл әртүрлі салаларда тұрақтылыққа қол жеткізу үшін қандай қадамдар жасалуы мүмкін екенін көруге мүмкіндік берді.
Тұрақты дамуға бағытталған басқару маңызды талқылау тақырыбы ғана емес, сонымен қатар магистранттарға болашақ мансаптары мен кәсіби күш-жігері арқылы болашаққа әсер ету үшін кең мүмкіндіктер береді.
Бизнес кафедрасы