Инабаттылық сағаты
2023 жылғы 21 қыркүйекте студенттер мен педагогикалық ұжым үшін «Инабаттылық сағаты» акциясы аясында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің офицері Г.А.Бекбаева Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі ережелерін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту туралы, қабылданып жатқан күрес шаралары туралы түсіндірмелермен дәріс өткізді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында ҚАЕУ комплаенс-офицері Е.М.Жүнісбеков университеттің комплаенс-қызметінің жүргізіліп жатқан жұмысы туралы сөз сөйлеп, студенттерді қызмет жұмысының негізгі бағыттарымен және ағымдағы оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, іс-шара барысында студенттер мен оқытушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы әлеуметтік ролик көрсетілді.
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/chas-dobroporyadochnosti-1.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/chas-dobroporyadochnosti-2.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/chas-dobroporyadochnosti-3.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/chas-dobroporyadochnosti-4.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/chas-dobroporyadochnosti-5.jpeg)