«Инклюзивті білім беру» курсы аясындағы мазмұнды кездесу
ҚАЕУ педагогикалық білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері 2024 жылдың 22 қазанында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Саданова Жанар Кабыкенкызының жетекшілігімен «Инклюзивті білім беру» курсының аясында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
Студенттерді мектептің логопед-дефектологы Жалаушинова Лира Мухаметкановна мен педагог-психологы Ахметова Берікжан Елшатбековна күтіп алды. Олар мектептегі арнайы кабинеттермен таныстырып, ерекше балалар туралы және олардың ата-аналарымен жүрзілетін жұмыс жайлы толыққанды ақпарат берді. Лира Мухаметкановна студенттерді ерекше балалармен жұмыс істеу кезінде толтыратын құжаттардың түрімен және мазмұнымен толық таныстырды. Сондай-ақ студенттер логопедтің жұмысының қыр-сырымен танысты.
Педагогика және психология кафедрасы