Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

2022 жылғы 12 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушылары ШҚО білім басқармасының “Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы” КММ-мен бірлесіп Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырған “Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу” әдістемелік семинарына қатысты.

Семинардың мақсаты – білім берудің әлеуметтік-педагогикалық моделі шеңберінде жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін ашу.

Аталған семинарда арнайы педагогика саласында педагог кадрларды даярлау мәселелері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру ортасын ұйымдастыру аспектілері қаралды.

Педагогика және психология кафедрасы