Инклюзивті білім берудегі тәжірибе мәселелері
2023 жылдың 18, 19 қыркүйегінде ҚАЕУ педагогикалық білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері “Инклюзивті білім беру” курсының аясында ШҚО ББ “Ақ ниет” мектеп-интернат” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды. Курс жетекшілері “Педагогика және психология” кафедрасының аға оқытушылары Саданова Жанар Кабыкенкызы және Чункурова Зарина Канапияновна болды.
Бұл мектеп-интернатта тірек-қимыл аппараты, көру, есту, сөйлеу қабілеті бұзылған, психологиялық-медициналық-педагогикалық және түзету қолдауы бар балалар білім алады және тәрбиеленеді, онда олар жалпы әлеуметтік өмірге бейімделеді. Студенттерді директордың оқу жөніндегі орынбасары Жалаушинова Лира Мухаметкановна және дефектолог мұғалім Енсебаева Сауле Курмангалиевна логопед, психолог, сурдопедагог, тифлопедагог, робототехника, физиотерапия кабинеттері, емдік дене шынықтыру залы және сенсорлық бөлмемен таныстырды.
Педагогика және психология кафедрасы