Кәмелетке толмаған азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру
ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.
2023 жылдың 21 қыркүйегінде Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Мужчиль С.А. Өскемен қаласының №6 орта мектебінің 7Б сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Савелий Александрович білім алушыларға құқық бұзушылықтардың түсінігі мен түрлері, жасалған іс-әрекеттер үшін заңды жауапкершілік туралы айтып, оларды құқықтық мәдениетін үнемі арттыруға шақырды.
Сонымен қатар, біздің оқытушы білім алушылар арасында құқықтық тақырыпта зияткерлік викторина өткізіп, оларға еліміздің ең үздік университеттерінің бірі – Қазақстан-Американдық еркін университеті туралы айтып берді.
Ынтымақтастық үшін Өскемен қаласының № 6 орта мектебіне алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы