ҚАЕУ – де «Мисс ҚАЕУ-2025» таңдалды!
2025 жылғы 6 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде көктемнің, шабыт пен сұлулықтың жарқын мерекесі – «Мисс ҚАЕУ – 2025» байқауы өтті.
Университет сахнасы подиум жолағына айналды, онда сымбат, зият және дарын ұмытылмас шоуда біріктірілді. Сүйкімді қатысушылар сыртқы сұлулығымен ғана емес, ақылдылығымен, харизмасымен және шығармашылық қабілеттерімен де жарқырады. Олардың әрқайсысы өзінің бірегейлігін көрсетті және көрермендердің шынайы таңданысына ие болды.
Байқау төрт кезеңнен тұрды:
1 – Танысу – өзі, армандары мен жетістіктері туралы әңгімелер;
2 – Зияткерлік блиц – білімпаздық мен тапқырлықты тексеру;
3 – Шығармашылық нөмір – өз дарынын ашуға мүмкіндік;
4 – Дефиле – сымбат пен сенімділікті көрсететін соңғы аккорд.
Байқау қорытындысы бойынша келесі аталымдар берілді:
Мисс Әсемдік (Очарование) – Колтыгина София
Мисс Әдемілік (Элегантность) – Шалабаева Аймарал
Мисс Өзіндік даралық (Оригинальность) – Косенко Алина
Мисс Гламур (Сәнді) – Дауленова Айдана
Вице-мисс ҚАЕУ -Мұхтарова Гауһар
Мисс Сүйкімділік (Шарм) (көрермендердің дауыс беру нәтижелері бойынша) – Мақпал Орынбаева
«Мисс ҚАЕУ- 2025» бас атақты – Серік Іңкәр жеңіп алды!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға керемет шоу үшін алғыс айтамыз! Бұл кеш нағыз сұлулық, шабыт және дарын мерекесіне айналды. Жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер үшін рахмет!






















