ҚАЕУ цифрлық білім беру бойынша трендте!
ҚАЕУ оқытушылары білім беруде цифрлық технологияларды белсенді қолданады және білім алушылардың кәсіби қызметте бағдарламалық қамтамасыз ету мен жасанды интеллектіні пайдаланудың заманауи тәжірибесіне қызығушылығын арттырады.
2024 жылдың 15 қарашасында «Педагогика және психология» кафедрасының қауымдастырылған профессор Б.Ш. Мешимбаева 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» пәні бойынша «Қазақ тілінің сөздік құрамының актив және пассив қабаттары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқытушы интерактивті тапсырмалар жасау үшін LearningApps, Wordwall және Quizlet онлайн-сервистерін шебер пайдаланды. Студенттер актив және пассив сөздерге мысалдар келтіре отырып, қызығушылықпен пікір алмасып, Wordwall-да әзірленген викториналарға қатысып, LearningApps-та интерактивті жаттығуларды бар ынталарымен орындады. Quizlet оларға жаңа терминдер мен ұғымдарды тез және тиімді есте сақтауға көмектесті. Цифрлық құралдардың материалды жақсы түсінуге ғана емес, сонымен қатар оқу процесін динамикаға және қызыққа толы ететіні байқалды.
Педагогика және психология кафедрасы


