KAFU Open House & Welcome Day: Day 4

2024  жылғы 19 қаңтарда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «KAFU Open House & Welcome Day» іс-шарасының  төртінші күні өтті.

 №27  орта бейінді мектептің, №26 орта мектептің, №30 жалпы білім беретін мектептің, Абай атындағы №33 орта мектептің, №42 орта мектептің, №48 қосымша білім беру мектеп-орталығының, Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектептің, Лев Гумилев атындағы №38 гимназияның,  № 8 орта мектептің, Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектептің, № 24 орта мектептің 11сынып түлектері университетте болды.

Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы аясында оқушылар ҚАЕУ бас оқу корпусына барып, қызықты байқауларға, тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатысты. Олар сондай-ақ университеттің халықаралық серіктестігінің артықшылықтары туралы ақпарат алды, оқуға түсу, шетелде оқу мүмкіндіктері, шет тілдерін үйрену туралы сұрақтар қойды және қызықты психологиялық ойынға қатысты.

Оқушылар академиялық ортаның ахуалын сезініп, университеттегі оқу  үдерісін тәжірибелі мамандармен талқылады. Іс-шара барысында қатысушылар өз білімдерін толықтырып қана қоймай, бағалы сыйлықтар мен кәдесыйлар ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.