Қонақ дәрісі: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

2025 жылдың 5 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Ж.К. Саданованың ұйымдастыруымен «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша қонақ дәрісі өтті.

Бұл шараға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – SDU University (СДУ университеті) ассистент профессорлары Мышбаева Гүлмира Мұратқызы мен Искакова Ләйлә Маратовна шақырылды.

Қонақ дәрісінде тәрбие жұмысының теориялық негіздері мен әдістемелік аспектілері кеңінен талқыланды. Ассистент профессорлар студенттермен тәрбиенің қазіргі заманғы әдістері, оның психологиялық және педагогикалық негіздері жөніндегі мол тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар олар тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қолданылатын инновациялық тәсілдерді, педагогикалық технологияларды және студенттердің тұлғалық дамуына бағытталған әдістемелерді түсіндірді.

Студенттер дәріскерлерге сұрақтар қойып, тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Осындай іс-шаралар оқу орнының ғылыми және білім беру әлеуетін арттыруға, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етеді.