КСРО еңбек сіңірген мұғалімі, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, педагог Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына арналған V Халықаралық туризм олимпиадасы

2025 жылдың 14 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Туризм» білім беру бағдарламасы бизнес кафедрасының білім алушылары КСРО еңбек сіңірген мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері, педагог Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына арналған V Халықаралық туризм олимпиадасына қатысты. Іс-шараны С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Экономика, менеджмент және қаржы» кафедрасы ұйымдастырды.

Олимпиадаға Тәжікстан халықаралық туризм және кәсіпкерлік университетінің, Алматы менеджмент университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Семей қаласының Шәкәрім университетінің, Қазақстан техникалық университетінің және С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері қатысты.

Олимпиаданың тақырыбы – «Қазақстандағы креативті туризм».

Іс-шараның мақсаты – туризм саласындағы креативті тәсілдерді дамыту және жастар арасында Қазақстанның туристік әлеуетін насихаттау.

Олимпиадаға қатысу үшін қатысушыларға берілген тақырып бойынша тұсаукесер, баяндама, эссе және бейнеролик ұсыну қажет болды.

«Туризм» ББ 2 курс студенті Исаков Евгений Александрович «Сауыр таулары» туристік бағытын әзірлеу» тақырыбында жоба ұсынды. Бағдар Өскемен қаласында басталып, одан кейін Ырғызбай Ата кесенесіне, Шілікті қорғандарына, Зайсан көліне және Сауыр тауларына дейін барды.

«Туризм» ББ 2 курс студенті Анель Мұратқызы Мұратова «Өскемен қаласы бойынша экскурсиялық бағдар» тақырыбында жоба дайындады. Жобаның мақсаты қаланың негізгі көрікті жерлерін, мәдени және тарихи  объектілерін ашатын қызықты және танымдық  бағдар құру болды.

Жұмыстар бизнес кафедрасының аға оқытушысы А.Е. Қалиеваның  жетекшілігімен дайындалды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Исаков Евгений Александрович II орын алды.

Бизнес кафедрасы