Кәсіби байқаудағы лайықты жеңіспен құттықтаймыз!

Орыс тілі оқытушыларының халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды. Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Левина Татьяна Викторовна А.С.Пушкиннің 225 жылдығына және Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы  орыс тілі мамандарының педагогикалық шеберлік байқауының жүлдегері атанды.

А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество Өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған байқау орыс тілі мен әдебиетін оқыту саласында жұмыс істейтін үздік педагогтарды біріктірді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен мектеп мұғалімдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Байқауға қатысу бірнеше кезеңнен тұрды. Кезеңдердің бірі – Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша сабақтың үзіндісі – мәтінмен терең жұмыс істеудің, әдебиет туындыларына тән бейнелер мен мағыналарды талдаудың маңыздылығын ашатын шығарма.

Осындай беделді кәсіби байқаудағы жеңіс – бұл педагогикалық шеберлікті, терең білімді, шығармашылықты және мамандыққа деген адалдықты жоғары бағалау.

Біз университетіміздің қабырғасында нағыз кәсіпқойлар мен шабыттандыратын педагогтар жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз! Жұмыста одан әрі табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз!

https://quiz.pushkininstitute.ru/Kazakhstan25/final.php?locale=ru

Педагогика және психология кафедрасы