Көшбасшылық бағдарламалары мен халықаралық ынтымақтастыққа арналған ҚАЕУ және Co-serve International бірлескен семинары
2024 жылғы 4 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде ҚАЕУ мен Co-serve International американдық үкіметтік емес білім беру ұйымының бірлескен семинары өтті. Бұл ұйым әр түрлі штаттардағы студенттерге, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне арналған тағылымдамалар мен тәжірибелер бағдарламаларын ұйымдастыратын АҚШ-тағы ҚАЕУ-нің негізгі серіктесі болып табылады.
Семинар аясында ҚАЕУ вице-президенті және «Co-serve International» директорлар кеңесінің мүшесі Дэниел Бэлласт, ҚАЕУ халықаралық бағдарламаларының директоры Анна Кабардина, сондай-ақ студенттер мен магистранттар, көшбасшылық бағдарламасына қатысу тәжірибесімен бөліскен бағдарлама түлектері сөз сөйледі.
Семинарда АҚШ, Филиппин, Нигерия, Ауғанстан және Украина сияқты әлемнің түрлі елдеріндегі «Co-serve International» ұйымының қызмет салалары қамтылды. Семинарға Co-serve International бағдарламаларының халықаралық серіктестері мен қатысушылары, университеттер мен колледж студенттері, мектеп оқушылары, университет қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.