Лайықты марапатпен құттықтаймыз
2022 жылғы 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы
Ассамблеясының ХІ сессиясының кеңейтілген отырысы өтті. Өскемен
қаласының халықтар Достығы Үйінің 30 жылдығын мерекелеу аясында
Іс-шараға өңір басшысы Даниал Ахметов, ҚР Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Ғалым Шойкин, Достық үйі мен ҚХА белсенділері, “Ассамблея жастары”
мүшелері, облыс жастары мен жұртшылығы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVIII
сессиясының отырысы аясында “ШҚО Достық үйінің 30 жылдығы”
медалімен ЖАК доценті, ҚАЕУ профессоры Нариманян Карэн Мамиконович
марапатталды.
Құттықтаймыз!
Педагогика және психология кафедрасы